Халықтың тұрмысын көтеру үшін праймеризге қатысамын – кәсіпкер
Халықтың тұрмысын көтеру үшін праймеризге қатысамын – кәсіпкер
5,273
оқылды
Астықты Ақмола өңірінің Сандықтау ауданына қарасты Веселое ауылының тумасы, кәсіпкер Марат Оразалин де праймеризге қатысуға өтініш білдірді. Марат Амангелдіұлы саналы ғұмырын Қазақстан Қарулы Күштеріне арнап, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінде де қызмет еткен. 2007 жылы құрметті демалысқа шыққан соң туған елге оралып, жастардың патриоттық тәрбиесіне өз үлесін қосып келе жатыр. Төрт жыл бұрын әкесі негізін қалаған  «СХП Байдалы-2» шаруа қожалығын басқарып, ел игілігі үшін еңбек етуде. Аудандық партия филиалымен де тығыз байланыс орнатып, партиялық жобалардың жүзеге асуына атсалысуда. Кәсіпкердің тікелей араласуымен ауылда көпсалалы спорт алаңы орнатылып, жаңа мешіт бой көтерді. Сандықтау балалар үйі мен ауыл мектебінің 120 оқушысы ыстық тамақпен қамтылған. Туған  жерге туын тіккен азаматтың өз ауылына жаны ашуының үлкен бір себебі Веселое ауылдық мектебі атасы, Социалистік Еңбек Ері Байдалы Оразалиннің атында. Көпбалалы отбасылардың мәселесі де кәсіпкер назарынан тыс қалған емес. Былтыр қиын жағдайда қалған көпбалалы отбасы үшін арнайы үй салып берген. Қазіргі уақытта  Веселое ауылының мектебі, емханасы, пошта мен балабақшасы үшін жылыту  қазандығының құрылысы аяқталып жатыр. Марат Оразалин зейнеткерлер мен мүгедек жандарды да назардан тыс қалдырған емес. «Мен ешқашан  ел тағдырын назардан тыс қалдырған емеспін, ауыл тұрғындарының жақсы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін, халықтың тұрмысын көтеру үшін праймеризге қатысамын!», – деген ойда Марат Оразалин.