Бірқатар өңірде ескерту жарияланды
Бірқатар өңірде ескерту жарияланды
© сурет интернеттен алынды
108
оқылды
Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды"Қазгидромет" РМК. 20 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағандыда 20 тамызда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Жезқазғанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. Нұр-Сұлтанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні    15-20 м/с. Көкшетауда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Кей жерлерінде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Петропавлда найзағай  күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні  15-20 м/с күтіледі. Қызылорда облысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Қостанайда батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.