«Болашақтың» түлегі – саяси мектеп директоры
«Болашақтың» түлегі – саяси мектеп директоры
274
оқылды

Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партияның жұмысын жандандыру және кадрларды жаңарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, партияның Саяси менеджмент академиясы Саяси менеджмент мектебі болып өзгертілді. Ал Nur Otan партиясы Саяси менеджмент мектебінің директоры болып «Болашақ» бағдарламасының түлегі Шыңғыс Нұрланов тағайындалды.

Nur Otan партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында партия Төра­ғасы әлемнің жетекші оқу орындарында мемле­кет есебінен білім алған қа­зақстандық жас мамандарды жұмысқа көбірек тартуды тапсырған болатын.

Шыңғыс Нұрланов Вашинг­тон университетін «Сая­саттану» мамандығы бойынша тамамдаған. Назар­баев уни­верситетінің «бі­лім беру саласындағы көшбас­шылық» мамандығы бойынша магистрі. Қазақ, орыс, ағыл­шын және түрік тілдерін меңгерген.

Ол Республикалық фи­зи­ка-математика мекте­бінің ас­та­налық филиалының мең­­герушісі, Назарбаев уни­вер­­ситетінің Жоғары бизнес мектебінің консуль­тан­ты, ҚР Білім және ғы­лым министрлігінің Ақпарат­тық-сараптамалалық орталы­ғында білім беру менед­ж­мен­­тін зерттеу бойынша же­тек­­ші талдаушысы, Nur Otan партиясы Қоғамдық сая­сат институтының сарап­­­шысы, Халықаралық ын­ты­мақ­­­тастық бойынша неміс қо­ғам­дастығының (GIZ) кә­сіптік білім бойынша ұлттық үйлестірушісі, «Бола­шақ» ха­лық­аралық бағдарла­масы ор­та­­лығында менеджер, оқы­тушы, т.б. қызметтер атқарды.

Саяси менеджмент мек­те­бінің жаңа басшысына бір­қатар нақты міндеттер жүк­телді. Атап айтқанда, партия мамандарын қо­ғам­мен байланыстың прак­тикалық дағдыларына, жан­жалдарды шешу, ме­диация және т.б. оқыту арқы­лы дайындауды жетіл­діру тапсырылды.