«Жемқорлықтың символы – LRT-ға екі есе көп қаржы жұмсалған» – экономист
«Жемқорлықтың символы – LRT-ға екі есе көп қаржы жұмсалған» – экономист
Фото: Интернеттен алынды
Телеарнаның хабарлауынша, елордадағы жемқорлық символына айналған LRT құрылысы әлеуметтік желіде тағы да дау тудырды. Сарапшылардың пікірінше, елдегі жеңіл рельсті құрылыс нысанының шығыны Қытайдағы ең ірі, теңіз үстімен өтетін өткелден екі есеге қымбат. Сәулеті көздің жауын алатын Ханчжоу шығанағындағы көпірге 1,5 млрд АҚШ доллары жұмсалған.   [caption id="attachment_66145" align="aligncenter" width="1571"] width= Фото: Интернеттен алынды[/caption] Сол 37 шақырымдық өткелдің әрі шақырымы Қытайға 40 млн долларға түскен. Ал астанадағы LRT-ның әр километріне 80 млн доллардан жұмсалған. Тағы бір айта кетерлігі, Ханчжоу көпірі осыдан 10 жыл бұрын салынған. Сол кездегі доллар бағамын ескергеннің өзінде Нұр-Сұлтандағы LRT бетоннан емес алтыннан құйылғандай. Себебін экономист Бауыржан Ысқақов айтты.
Экономист Бауыржан Ысқақов: «Қоғамда кең жайылған індет жемқорлықты жоқ дей алмаймыз. LRT құрылысы кезіндегі өзіндік құнының жоғары болуына, заявка (тапсырыс – ред.) жазылған кезде бағаны тым жоғары қойған. Техникалық-экономикалық негізге сүйенбей бағаны тым қымбат қойған. Және несие проценті де жоғары болған», – дейді.
Айта кетейік, Ханчжоу көпірінің құрылысы 2003 жылы басталып, 2007 жылы аяқталып, бір жылдан кейін пайдалануға берілген. Нұр-Сұлтандағы LRT құрылысы 2011 жылы басталып, 2020 жылдың маусым айының аяғында аяқталуы тиіс еді. Өткен жылы Қасым-Жомарт Тоқаев жобаның өтелуіне сенбейтінін айтқан. Сондықтан билік станцияларды, пойыздарды қысқарту туралы шешім қабылдады. LRT құрылысына қатысты тергеу де әлі аяқталған жоқ.   https://youtu.be/plasWpfd5bk