Үкімет басшысы экономиканы дамытуға қатысты ұсыныстарды талқылады
Үкімет басшысы экономиканы дамытуға қатысты ұсыныстарды талқылады
149
оқылды
Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен Елбасының «Ел үміті» бастамасы аясында іске асырылып жатқан және «100 нақты қадам» ұлт жоспарын сапалы орындауға бағытталған өзгерістерді басқару жөніндегі салалық менеджерлерді даярлау бағдарламасының қатысушыларымен кеңес өтті, деп хабарлайды primeminister.kz Шараға Президент көмекшісі – ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев және 300-ге жуық маман – менторлар мен өзгерістер менеджерлерінің командалары қатысты. Олардың көшбасшылары 11 салалық мемлекеттік саясатта: білім беруде, геологиялық барлауда, сауда және логистикада, өнеркәсіпте, оның ішінде жаңа индустрияда, құрылыста, өңірлік дамуда, денсаулық сақтауда, медиа саласында, ауыл шаруашылығында, туризм мен су ресурстары саласында 37 нақты міндетті шешу үшін қажетті жаңа тәсілдер мен идеяларды таныстырды. Премьер-министр бағдарлама қатысушыларын іріктеу: ұлттық экономиканың өзін-өзі қамтамасыз етуін арттыру, Қазақстанның аймақтық азық-түлік хабы ретінде қалыптасуы, сапалы инвестицияларды тарту үшін жаңа тәсілдерді әзірлеу, күшті кәсіпкерлік класын құру, қазақстандық экспортты қарқынды ілгерілету, жеделдетілген цифрландыруды қамтамасыз ету, білім беру мен озық ғылымды дамыту, денсаулық сақтау жүйесін нығайту және инфрақұрылымды одан әрі кешенді дамыту бойынша негізгі бағыттарына сәйкес жүргізілгенін атап өтті.
«Білім беру мен адам дамуына инвестиция салу – тұрақты әрі ұзақ мерзімді экономикалық өсімнің негізгі факторы. Әрбір табысты идеяның, практиканың, реформаның артында адам тұр. Сіздердің әрқайсыларыңыздың әлеуетіңіз, кәсіби білімдеріңіз, ең бастысы, Қазақстанның гүлденуіне жеке үлес қосуға деген ниеттеріңіз бар», — деді А. Мамин.
 />

Асқар Мамин Үкімет мүшелеріне бағдарламаға қатысушылармен тұрақты жұмыс кездесуін өткізуді және алға қойылған міндеттерді іске асыруға қажетті жәрдем көрсетуді тапсырды.
<blockquote>«Ұсыныстарды нақтылап, оларды енгізудің нақты жоспарын әзірлеу қажет», - деп атап өтті А. Мамин.</blockquote>
Өзгерістерді басқару жөніндегі салалық менеджерлерді даярлау бағдарламасына ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры бастамашылық етті және ол ҚР Үкіметінің жобалық офисімен бірлесіп іске асырылып жатыр. Бағдарламаның мақсаты — экономиканың негізгі салаларын трансформациялау үшін нақты ұсыныстар әзірлеу. Осы жылдың басында өткізілген конкурстың қорытындысы бойынша 2 958 үміткердің ішінен үлкен практикалық жұмыс тәжірибесі бар, оның ішінде жетекші ұлттық және шетелдік ұйымдарда еңбек еткен 230 сарапшы іріктеліп алынды. Бағдарламаға ментор ретінде Қазақстан, АҚШ және Еуропа елдерінің мемлекеттік және жеке секторынан 50-ден астам маман қатысады.

Бағдарламаға қатысушылар салалық міндеттерді шеше отырып, еліміздің дамуына үлес қосып қана қоймай, сонымен қатар тренингтік және коучингтік іс-шараларда өздерінің салалық әрі көшбасшылық біліктіліктерін шыңдайды.

            <small></small>
    
    <div class=