"Коронавирусқа қарсы вакцина ерікті түрде салынады": Цой Ресейден вакцина жеткізу талқыланып жатқанын айтты
"Коронавирусқа қарсы вакцина ерікті түрде салынады": Цой Ресейден вакцина жеткізу талқыланып жатқанын айтты
© сурет интернеттен алынды
197
оқылды
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ресейлік вакцнаға қатысты ойымен бөлісіп, жақын арада Қазақстан вакцинаны тексеру үшін көршілес Ресейге баратынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz. Министр вакцинаны әр адам өз еркімен салдыратынын және ең әуелі вакцинаны қолдануға Қазақстан рұқсат алуы керек екенін айтты. "Қоғамдық денсаулық сақтау кодексіне сәйкес бізде міндетті және ерікті вакциналар бар. Біз коронавирусқа қарсы вакцинаны ерікті түрде енгізуді қарастырып жатырмыз. Себебі ұзақ мерзімді нәтижелер мен әсері әлі мұқият зерттелген жоқ. Бірақ бізде рұқсат болуы керек, Қазақстанда вакциналарды қолдану мүмкіндігі бар", - деді Цой. Сонымен қатар жақын арада Қазақстандық мамандар Ресейге барып, вакцинаны тексеріп, сатып алу мәселесін  қарастыратын болады.
"Біз жақын арада Ресейге клиникалық сынақтың нәтижелерін әріптестерімізбен бірге көру, ғалымдарымызбен бағалау, содан кейін ықтимал тіркеу және Қазақстанға жеткізу туралы сөйлесу үшін барамыз. Яғни, біз осы үлгілерді тексеріп барып, бірақ қолданамыз", - деді Цой.
Егер вакцина елімізге келетін болса, толыққанды зерттеуден өтіп, қауіпсіздігі тексерілгеннен кейін ғана қолданысқа шығарылмақ.
"Бізде дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сараптаудың ұлттық орталығы бар, ол кез келген өнімнің, оның ішінде вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалайды. Бағалау халықаралық заңнаманы толығымен қайталайды, бізге бірдей талаптар қойылады. АҚШ пен ЕО-дағы қағидаттар бірдей және мерзімдері бірдей", - деді министр.
Алайда ол кез келген дәрі-дәрмектен жағымсыз реакциялар пайда болуы мүмкін екенін жеткізді.
"Комиссия құрылып жатыр, ол мәселенің қай кезеңінде болғанын нақты анықтайды. Ол вакцинаның қалай жеткізілгенін, оның барлық сатыларда қаншалықты сақталғанын, дұрыс енгізілгенін, қарсы көрсетілімдердің бар-жоғын және дәрі-дәрмектің сапасын тексереді. Егер, мысалы, вакцина қарсы аурулары бар кейбір аурулардың аясында жүргізілсе, бұл вакцинацияға рұқсат берген дәрігердің міндеті. Егер мәселе сапаға қатысты болса, онда вакцинаны бағалаған адам. Егер логистикалық талаптар бұзылған болса, онда ол бір жерде дұрыс емес жағдайда тасымалданған болса, онда логист маман жауапты болады", - деп түсіндірді Алексей Цой.