Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңде ұстазымен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңде ұстазымен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қытайдағы ұстазымен кездесті. Қазақстан президенті мен Лю Шицинь ұстаз қытай тілінде сөйлескен.

Ал Қ.Тоқаев болса, ұстазына сыйлық жасапты. Кездесу мемлекет басшысының Қытай қоғамдық ғылымдар академиясына барған кезінде болған.

Қ.Тоқаев Қытайдағы Бейжің лингвистикалық институында іс-тәжірибеден өткен екен.

«Ол қытайша өте жақсы сөйлейтін әрі кез келген тіпті сыни тақырыптарда да пікір алмаса білетін. Ашық, белсенді, үздік оқушылардың біріне айналды. Оған газет оқып, өз көзқарасын ашық білдірген ұнайтын. Эрудит және өнегелі. Оған осы қасиеттері биікке жетуге сеп болды», - деп еске алады ұстазы Шицинь.

Бұдан өзге мемлекет басшысы Қытайдағы студенттермен кездесіп, ортақ суретке түсті.

https://youtu.be/Y0bmgAtcMVo