24 жастағы қазақстандық боксшы пышақ жарақатынан қайтыс болды
24 жастағы қазақстандық боксшы пышақ жарақатынан қайтыс болды
289
оқылды
20 тамызға қараған түні Шахтинск қаласының 24 жастағы тұрғыны жарақат алды. Жігіт Орталық қалалық ауруханаға жатқызылды. Кейін дәрігерлер оның көз жұмғанын мәлімдеді,  - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі. Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жағдайға абйланысты кісі өлтіру фактісін растады. Ведомство бұл факті бойынша тергеу басталғанын атап өтті. Белгілі болғандай, қайтыс болған жас жігіт бокспен кәсіби түрде айналысқан.
"24 жастағы жас жігіт Шахтинск қаласының орталық ауруханасына пышақ жарақатымен жеткізілді. Өкінішке қарай, ол есінен танып қайтыс болды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлімі "Адам өлтіру"бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс - шараларын жүргізуде", - делінген хабарламада.