Елімізде ұн бағасы өсуі мүмкін
Елімізде ұн бағасы өсуі мүмкін
©Сурет интернеттен алынды
386
оқылды
Мұндай статистиканы Ұлттық экономика министрлігі жүргізді. Жазда тағы 15 теңге қосылған. Осы теріс динамика әзір тежелмейтін секілді. Айталық, ақмолалық диқандар биыл астықтың аз шыққанын алға тартып, баға тағы көтеріле ме деген күдігін айтып отыр. Бұл аймақта гектарынан небәрі 10-11 центнер өнім алынады деген болжам бар. Ұнның бағасы көтерілсе, нан да қымбаттайды. Қазірдің өзінде ел бойынша ас атасының 100 теңгеден кемі жоқ. Ал ұн мен ұн өнімдерінің нарығына қатысты жаңа өзгерістер биылғы егін орағы аяқталып, астықтың бәрі қамбаға құйылған соң белгілі болмақ. Себебі оның өзі осы жылы оңай болмайтын түрі бар. Өйткені аграрлы аймақтарда күнара жауын. Бір ғана Ақмола облысы диқандарының алдында 4 жарым млн гектарға жуық жердің дәнін жинау міндеті тұр. Ал шаруалар болса, жиым-терімге енді ғана кірісті.