Электронды сауда қарқын алды
Электронды сауда қарқын алды
304
оқылды
Оның айтуынша, министрлік электронды сауда саласын дамытуда электронды коммер­цияға да екпін қойып отыр. «Бұл әлемдік тренд індеттің таралуы кезеңінде нығайды. Өткен жылы Қазақстанда электронды нарық 700 млрд теңгеден сәл ғана асқан еді, ал биыл бірінші жартыжылдықтың өзінде онлайн сауда көлемі 432 млрд теңгеге жетті. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 900 млрд теңгеге жетуі мүмкін», – деді. Министрлік болжамына сүйенсек, 2022 жыл­­­ға қарай онлайн сауда көлемі екі трлн тең­геге жетуі ықтимал, бұл – елдегі бөлшек сауданың 13 пайызын қамтиды деген сөз. Ал 2025 жылға қарай электронды коммерция үлесі бөлшек нарықтың 15 пайызына жетеді.  Мұның барлығы сауда саласын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарла­масының жобасында қарастырылған.   Сауда және интеграция министрлігі әзірлеген   бағдар­лама жобасында белгіленген міндеттер мен сауданы дамыту векторлары бизнеспен және мүдделі тараптармен бірнеше рет талқы­ланыпты. Министрдің айтуынша, бағдарламада саланың жұмыс істеуін заңнама­лық тұрғыда жетілдіру шаралары, сондай-ақ бизнесті қолдау мен сауда инфрақұрылымын дамыту құралдары­ның кең тізбесі қамтылған.