Селфиге түспек болған екі жасөспірім қайтыс болды
Селфиге түспек болған екі жасөспірім қайтыс болды
114
оқылды
Алакөл ауданында 30 жылдан бері қаңырап бос тұрған ескі екі қабатты ғимараттың ішінде жастарға бетон плита құлап кеткен. Өткен бейсенбіде кешке үш жасөспірім Алматы облысының Алакөл ауданына қарасты Бескөл ауылының маңындағы қараусыз қалған ғимаратқа барған. Селфи жасамақ болғанда 2004 және 2005 жылы туған екі бала көз жұмды. 2004 жылы туған үшінші жасөспірім Үшарал орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Оның оң аяғы сынған, Оқиға орнына жеткен құтқарушылар 1991 жылдан бері бос тұрған екі қабатты ғимараттың ішінде жастарға бетон плита құлап кеткенін анықтады. Құтқару жұмыстарын жүргізуге Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің 7 қызметкері мен 3 техника, жедел жәрдем бригадасы атсалысты.