Шымкентте 6 көпбалалы ана үміткер болып тіркелді
Шымкентте 6 көпбалалы ана үміткер болып тіркелді
232
оқылды
Шымкент қаласы бойынша праймеризге 78 өтініш келіп түсіп, 64 азамат кандидат болып тіркелді. Оның 22-і әйелдер болса, 56-ы ер азаматтар. Олардың арасында 6 өзбек, 1 ұйғыр, 1 татар, 1 орыс ұлтының өкілі бар. Өтініш бергендердің 11-і мәслихат депутаты болса, 6-ауы көпбалалы ана, 1 қандастар өкілі және 1 мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Сонымен қатар, Шымкент қаласынан праймериз бойынша сайлауға кәсіпкерлік саласынан – 21, білім саласынан – 11, денсаулық сақтау саласынан –3 және мәдениет және спорт саласынан – 4 адам бақ сынап отыр. Одан бөлек, 9 үкіметтік емес ұйым мүшесі, 2 инфрақұрылым саласының азаматы, 2 мемлекеттік қызмет, 4 өнеркәсіп, 7 қызмет көрсету саласының, 4 партия қызметкері мен 3 басқа да сала өкілдері үміткер болып тіркелді.

Н. НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы.