«Күреңбел Су» коммуналдық ұйымының бұрынғы басшысы Ермек Сансызбаев Алматы облысы Сарыөзек ауылы тұрғындарының шағымына орай келген Nur Otan партиясының өкілдеріне жұдырық ала жүгірді.
Екі апта бойы сусыз қалған Алматы облысы Сарыөзек ауылының тұрғындары жергілікті шенеуніктерден көмек күтуден шаршаған соң Nur Otan.партиясы Кербұлақ аудандық партиялық бақылау комиссиясына шағым түсірді.
Партиялықтар дереу тексеріс жүргізіп, судың жоқтығына шүмекті әдейі жауып тастау себеп болғанын анықтады.
Кінәлі «Күреңбел Су» коммуналдық ұйымының бұрынғы басшысы Ермек Сансызбаев болып шықты. Бұл аз болғандай ол тексерушілердің ісіне көңілі толмай, комиссия мүшелеріне жұдырық ала жүгірді.
Төбелес кезінде Сансызбаев Нұрлан Күзембаевтың денесіне зақым келтірді.
Енді ол қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Nur Otan партиясының облыстық филиалы Сарыөзектегі жағдайды бақылауда ұстайтын болады.
https://www.youtube.com/watch?v=wUmoPp-cjzk&feature=emb_logo