1 500-ден астам «Алтын белгі« иегері педагогикалық мамандықты таңдаған
1 500-ден астам «Алтын белгі« иегері педагогикалық мамандықты таңдаған
215
оқылды
Биыл педагогикалық мамандықтарды таңдаған түлектердің саны екі есе артты. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
«Бұрын өздеріңіз білетіндей педагогикалық мамандыққа 50 балмен оқуға түсуге мүмкіндік болса, өткен жылы оны 60 балға көтердік. Биыл Мемлекет басшысы тапсырмасының аясында оны 70 балға дейін көтердік. Осы жыл өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуден оның нәтижесін көріп отырмыз. Биыл педагогикалық мамандықтарды таңдаған түлектердің саны тек «Алтын белгі« иегерлерін алатын болсақ, екі өсе өсті. 1 500-ден астам «Алтын белгі« иегері педагогикалық мамандықты таңдап отыр. Бұл бүгінгі мемлекет саясатының, жалпы педагогтардың мәртебесін көтеру жұмысының үлкен жемісі деп санаймын», - деді министр педагогтар мен білім және ғылым саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі барысында.