БҰҰ: Сирияда әйелдер мен балалар «адамгершілікке жат жағдайда» өмір сүреді
БҰҰ: Сирияда әйелдер мен балалар «адамгершілікке жат жағдайда» өмір сүреді
241
оқылды

Сирияның солтүстік-батысындағы зорлық-зомбылықтың шиеленісуіне орай, он мыңдаған әйел мен бала «әл-Хол» лагерінде «адамгершілікке жат» жағдайда тұруға мәжбүр. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі кеңестің Сириядағы оқиғаларды тергеу комиссиясының кезекті есебінде айтылды.

«әл-Хол» лагерінің халқы шамамен 70 мың адам, оның ішінде 10 мыңы – шетел азаматтары.

«Біз Сирия мен Иракта ДАИШ-ті жеңгеннен кейін «Әл-Хол» лагерінен пана тапқан бұрынғы содырлар мен олардың отбасы мүшелері туралы айтып отырмыз. Лагерь тұрғындарының көпшілігі – 12 жасқа дейінгі балалар»,–делінген баяндамада.

Баяндамада айтылғандай, 3,5 мыңнан астам баланың туу туралы куәлігі жоқ.

Комиссияның пікірінше, «әл-Хол» лагеріндегі гуманитарлық жағдай күрделі күйінде қалып отыр. Жүздеген адам өліп жатыр, кем дегенде 290 бала медициналық көмектің болмауынан қайтыс болған.

БҰҰ лагердегі мұқтаж адамдарға олардың мәртебесі мен азаматтығына қарамастан кедергісіз гуманитарлық көмектің берілуін талап етеді.

Сегіз жылдық соғыс: 13 миллион иммигрант

Сириядағы соғыс кезінде сегіз жыл ішінде 13 миллионға жуық адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Қазіргі уақытта елдің солтүстік-батысындағы Идлиб провинциясында белсенді соғыс қимылдары жалғасуда, оған үкіметтік күштер, «Хаят Тахрир аль-Шам» ұйымының содырлары, сондай-ақ Сирия Демократиялық күштері мен халықаралық коалиция қатысуда.

БҰҰ баяндамасында айтылғандай Сирияда жүздеген мың адам ауыз суға қол жеткізе алмайды, электр жарығынсыз өмір сүреді. Балалардың мектепке баруға мүмкіндігі болмай отыр.