Тұрғындар табысының жартысына жуығын тамаққа жұмсайды
Тұрғындар табысының жартысына жуығын тамаққа жұмсайды
160
оқылды

Қазақстандықтар орташа есеппен өз кірістерінің жартысына жуығын тамаққа жұмсайды,– деп хабарлайды БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының баспасөз қызметі.

Ұйымның 2018 жылғы Еуропа мен Орталық Азиядағы тамақтануға арналған аймақтық есебінде: «Үй шаруашылығының азық-түлікке кететін шығыны өте жоғары болып қалады: Өзбекстан мен Тәжікстанда – 80%, Қырғызстанда – 58%, Қазақстанда – 42%» деп көрсеткен.
БҰҰ Аймақтық есебінде азық-түлік қауіпсіздігі және тамақтану мәселесі, әсіресе Орталық Азияда алаңдаушылық тудыруда, 2017 жылы аймақта ашығып жүрудің ең жоғары таралуы (6,4%) болды, ал тамақты аз ішетіндердің жалпы саны шамамен 4,4 миллион адам екені жазылған.
Сарапшылар Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан астық импортына, ең алдымен бидайға тәуелді екенін айтады.

«Тәжікстан азық-түлік қажеттіліктерінің үштен бірін ғана қанағаттандыра алады, ал Қырғызстан мен Өзбекстан сәйкесінше сұраныстың 47% және 22% қамтамасыз етеді»,– деді БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының баспасөз қызметі.