Армениялық көлікті тіркеуді ұмытпаңыз...
Армениялық көлікті тіркеуді ұмытпаңыз...
197
оқылды
«Тіркеу 2020 жылдың 1 қыр­күйе­гіне дейін жүр­гізіледі. Осы уа­қыт­қа дейін тіркелуі тиіс кө­лік­тің бәрі үлгереді деген жоспар бар. Аза­маттардың өтінішін ескере оты­­рып, Техни­калық реттеу және мет­рология комитеті қайта жаб­дық­талған көліктерге жағдай жа­сап отыр. Ал біз (ІІМ – авт.) қайта жаб­­дықталған көліктерді тір­кеу уақытын созу мәселесін қарас­ты­рып жатыр­мыз», –  деді Әкім­шілік по­лиция комитеті төрағасы­ның орын­басары Серік Түсіпов. Ішкі істер министрлігінің рес­ми өкілі Нұр­ділда Ораз бұған дейін тіркеуге жататын 14 мың кө­­ліктің 10 мыңы құжаттарын рет­теп қойға­нын ха­барлаған. Үл­гермеген көлік иелеріне айыппұл са­лы­нады. Тір­кеу­дің жалпы құ­ны – 11 946  теңге. Еске сала кетейік, Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 24 қаңтарында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында шетелдік нөмірлі көлік иелеріне 2021 жылдың мамырына дейін тір­ке­луіне уақыт берген еді.  

Ж.НҰРЛАН