Халыққа пайдам тисін деп...
Халыққа пайдам тисін деп...
5,288
оқылды
– Коронавирус пандемиясы тек біздің мемлекетте емес, әлемде көптеген өзгеріс алып келді. Үйрен­шікті өміріміз үлкен өзгеріс­ке ұшырады және біз денсаулық сақтау саласында, цифрландыру бойынша мемлекетіміздің осал тұстарын өз көзімізбен көрдік. Сол осал тұстардың салдарынан көп­теген қайғылы оқиғалар орын алды. Оған көзді жұмып қарауға болмайды. Өзім наурыз айында төтенше жағдайға байланысты карантин енгізілген сәттен бастап волонтер ретінде жұмыс істеп, осы жағдайдың бәрімен күнделікті бетпе-бет келдім. Халықпен тығыз байланыста болғаннан кейін олардың мұң-мұқтажын, қайғы-қасіретін, жағдайдың қаншалықты қиындап кеткенін көріп, сезіндік. Халық арасындағы билікке деген сенімнің төмендеп, қоғамда көңіл күйдің күрт өзгеріп кеткенін көзбен көргеннен кейін праймеризге қатысуға шешім қабылдадым. Бұл – үлкен жауапкершілік. Алдағы уақытта қоғамдағы түйткілді мәсе­лелерді көтеріп, оны шешуге үлес қосамын деген мақсатым бар, – дейді үміткер. Мәди Ахметов «Nur Otan» партиясы елімізде тұңғыш рет партияішілік сайлау бәсекесін ұйымдастырып отырғанын, сондай-ақ бұл жерде жастарға ерекше көңіл аударылып, орын берілгенін айтады. Ол жастарды алдыңғы шепке қойып, мүмкіндік беріп, әлеуметтік сатыны іс жүзінде көрсетіп отырған бірден-бір партия екеніне тоқталды және бұл жерге жаңа, жас толқын, халықпен тығыз байланыста жұмыс істеп жүрген азаматтар келуі заңдылық деген пікірде. – «Jas Otan» Жастар қанатының Алматы қалалық филиалы жетек­шісі болғандықтан, жастармен үнемі жұмыс істеп жүргендіктен, олар­ға не қажет екенін жақсы біле­міз. Біз арнайы бағдарламамызды әзірлеп жатырмыз. Ондағы басты мә­селе – жастарды жұмыспен қам­ту. 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасы қабыл­данады. Менің бағдарламам осы бағдарламаға негізделіп жасалған. «Алматы жастары 3.0», «Бақытты отбасы», «Жастар практикасы» бағдарламаларының сапалы түрде жүзеге асуын қамтамасыз ету арқылы жастар мәселесін шешуге ықпал еткім келеді. Қазір студенттер қашықтан оқып жатса да, бәрібір Алматы – үлкен мегаполис. Мұнда 39 ЖОО, 80-нен астам колледж бар. Осы оқу орындарында студенттерді жатақ­ханамен қамтамасыз ету – өзекті мәселе. Елбасының бес әлеуметтік бастамасы аясында қаламызда 30-ға жуық жатақхана салынуы тиіс. Бұл жыл да аяқталуға таяды, де­генмен әлі күнге бағдарлама то­лық­қанды жүзеге аспай отыр. Осы мәселені көтеріп, оның шешілуіне мұрындық болғым келеді. Өйткені студенттік жатақ­хана, оларға жағ­дай жасау және сапалы білім алуын қамтамасыз ету басты орын­да деп есептеймін. Құрғақ сөз, флешмоб, мағынасы жоқ акциялардың дәурені өтіп кетті. Жастарға өз кәсібін ашуға, гранттың санын көбейтуге көмектесуіміз қажет. Бизнес өкілдерімен бірге осы мәсе­леде нақты жұмыс істеуге болады деп ойлаймын. Мен бағдарламамды жастардың, әсіресе мүмкіндігі шек­теулі за­мандастарымның мәсе­лесін шешуге бағыттаймын. «Ке­дергісіз келешек» «Бақытты от­басы, «Жастар – Отанға!» пар­тия­лық бағдарламаларын негізге ала отырып, жұмыс істегім келеді, – дейді ол. Мәди Абылайұлының басты ұстанымы – халықтың аманатына қиянат жасамай, қанша уақыт болса да сапалы түрде жұмыс істеп, түйткілді мәселелердің шешілуіне себепкер болу. Ол халыққа пай­дасын тигізгісі келетін адам ақ­шалы болуы міндетті емес деп есептейді, ең бастысы – ниет, екінші – сенімділік, үшінші – жауап­кершілік. – Егер мәслихат депутаттығына өтіп жатсам, бұл – қоғамдық жұмыс, бұл жұмысқа ешқандай жалақы төленбейді. Мен жергілікті жердің мәселелерін көтеріп, соның шешілуіне себепкер болсам деймін. Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесімін. Бұл кеңесте де қаланың тыныс-тіршілігі, жасалып жатқан жобалардың дұрыстығы мен бұ­рыстығы жайлы талқылаулар өт­кізіп, жалпы мәселелермен та­нысып, тыныс-тіршілікті көріп отырмыз. Бұл да мен үшін үлкен тәжірибе алаңы болды деп ойлаймын, – дейді ол. Мәди Ахметов праймеризге қатысып, бағын сынап жатқан үміткерлердің бәріне сәттілік тілейді. Праймериздің әділ және ашық түрде өтіп, ел сенімін ар­қалаған азаматтар мемлекетіміздің нығаюына, кемшіліктерді түзеуге, ашық қоғам, еститін мемлекет қалыптастыратынына сенімді.  

Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ