Індеттің «жаңа толқынына» дайынбыз ба?
Індеттің «жаңа толқынына» дайынбыз ба?
137
оқылды
Бұл – Денсаулық сақтау министрлігінің рес­ми ақпараты. Алайда 20 тамыздағы мә­лімет пневмонияға шалдыққандар саны кө­бейгенін көрсетті. Бір тәулікте коро­на­вирус инфекциясының белгілері бар пнев­монияның 723 жағдайы тіркеліп, 6 адам қай­тыс болды. Осыған қарап, жалпы жағ­дай тұрақталды деп айту ерте секілді. Өлім-жітім саны азай­ғаны­мен, кез келген сәтте көрсет­кіш артуы мүмкін. Бұл – пандемия аяқ­талды және азаматтар қалыпты өмірге орал­ды деген сөз емес. Оның үстіне, ма­ман­дар күзде коронавирустың келесі тол­қы­ны келе жатқанын айтады.  

Жұрт тағы дәрі іздеп сенделмей ме?

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың жаңа толқыны қазан айын­да болатынын нақты айтып отыр. Күз айларында тұмау күшейетіні тағы бар. Сон­дықтан індеттің өршу ықтималдығы жо­ғары деген сөз. Көктем мен күзде бола­тын тұмау эпидемиясы денсаулық сақтау са­ласын біршама әлекке салатын еді. Ал оны­­мен қабаттаса коро­на­вирус ин­фек­ция­сы кү­шейе­тін болса, эпидемиялық ахуал ауыр болатыны айтпаса да түсінікті. Сон­дықтан қарсы тұру іс-қимылдарын ба­рынша күшейту маңызы арта түспек. Ден­саулық сақтау министрлігі жергілікті ат­­қарушы органдармен бірлесіп, алдағы күз­гі-қысқы кезеңге бел­сен­­ді дайындалып жат­қанын айтты. Әрине, дайынбыз деп ай­ту бір бөлек, ал оны іс жүзінде орын­дау бір басқа. Ең басты мәселе – дәрі тапшы­лығы. Оны болдырмау үшін қазір­ден бастап қам-қа­рекетке кірісу маңызды. Індет өршіген тұс­та дәрінің жоғы жығылғанға жұды­рық бол­ғаны рас. Президент осы мәселені ерек­ше тапсырған бола­тын. Денсаулық сақ­тау министр­лігі қазіргі уақытта ме­ди­ци­налық ұйымдар дәрілік препараттардың ай­лық көлемімен қамтамасыз етіл­ді деп сен­діріп отыр. 30 қыр­күйекке дейін дәрі­лер­дің екі ай­лық тұтыну қоры жасалып, дәрі-дәрмектен мәселе тумайты­нын айт­ты. Тек «арық сөйлеп, семіз шық» деген ма­­қалға иек артпа­ған тым сенімді мә­лім­деме болды. Дегенмен екі айға жеткі­лікті дәрі­­нің қорымен қамтамасыз ету мақ­саты қалай болатынын уақыт көр­сетер. «СҚ-Фар­мация» база­­сында республикалық жә­не 11 ай­мақтық тұрақтандыру қоры құ­­рыл­­ған. Алайда ол жөнінде дис­трибью­тор­дан ақпарат ала алма­дық. Тағы ашық­тық, кері байла­ныстың жоқтығы. koronfvirys Министрлік өкілдері амбу­латор­лық дең­гейде, яғни үйде ем алатын науқастарға ар­налған тегін дәрінің бес түрін сатып алу жұ­­мыс­тары аяқталып қалғанын айт­ты. Те­гін дәрілердің ішінде пара­цетамол, ибуп­рофен, рива­рок­­сабан, апиксабан мен да­бигат­ран деген препараттар бар, препа­­рат­тар қоры шамамен 1 миллион пациент­ке жететін көрінеді. Ал қажет кезде дәрі-дәр­мекті сатып алу былай тұрсын, оны тап­пай сандалған халықтың тегін дәрімен қам­ту ісіне сенімнен гөрі күдігі басым се­кілді.  

Медициналық құрал-жабдық жеткілікті ме?

Денсаулық сақтау министрі қазан айы­на дейін барлық облыс­­тық аурухананы қа­­жетті ап­параттар­­мен қамтамасыз етеміз деп отыр. «Ауруханаларды жаб­дық­­­­тау үшін 2 578 қосымша жел­деткіш сатып алынады, оның 1  500-і – отандық өндірушілерден, 1 078-і – жергілікті бюджет, де­меушілік жә­­не Дүниежүзілік банктің қаражаты есе­бінен. 23 890 төсек оттегімен қамтамасыз еті­ле­ді, оның ішінде 13 153 – оттегі байыту фабрикалары арқылы және 2020 жылдың қазанына дейін еліміздің барлық облыстық ауру­ханаларын сандық рентген аппарат­тарымен 100 пайызға қам­тамасыз ету жос­парлануда», – деді министр. Ал тамыз айы­ның басынан ахуал тұрақталды деп жос­­парлы медициналық көмек қай­та іске қос­ты. «Қазір терапевтік, кардиология, гастроэнтерология, аллергология, хирур­гия, невро­логия, пульмонология, реани_мация, акушерлік-гинекология, ней­ро­хирургия, травмато­логия­лық бейіндер, то­ракалдық хирур­гия, қалпына келтіру емі және медициналық оңалту қызметтерін көрсететін 626 медициналық ұйым жұмы­сын қайта бастады. Алматыда – 67, Шы­ғыс Қазақстан облысында – 54 және Ал­ма­ты облысында – 50 мекеме жұмысын жан­дандырды», – деді Денсаулық сақтау ми­нистрлігінің реми өкілі Бағ­дат Қо­жахметов. Алайда алдымызда індеттің үлкен толқыны келе жатқанда аталған дә­рі­­герлерге ағылатын жұрт корона­вирус­ты жұқтыру мен оны тартуға себепкер бо­ла­тынын еске­ру қажет секілді. Болжанған коронавирустың жаңа тол­қыны енді балаларға ауыр тиюі мүмкін де­ген пікірді маман­дардан жиі естиміз. Ал олар­ды қорғау, тиісті дәрімен қамтамасыз етуге қатысты нақты шаралар тізбесі әзірге жоқ. Осы уақытқа дейін де екі мыңнан ас­там бала коронавирус инфекциясын жұқ­тыр­ған. Оның ішінде қазіргі кезде республика бойынша ауруха­наларда 114 бала ем алып жатыр. Жалпы, пандемия бас­талғалы Қазақстанда 104 мыңнан астам адам коронавирусқа шалдығып, 1 415 адам көз жұмған. Ал 21 264 адам пневмониямен ауырып, 243 азамат қайтыс болған. Ал әлем­де 14 миллион адам коронавирусқа шал­дығып, 600 мыңға жуығы көз жұмған. Пандемия адамзат бала­сына ауыр сынақ бол­ды. Тиісті ведомстволар мен денсаулық сақ­­тау ұйымдарының атқарып жатқан қыз­метін жоққа шығар­маймыз, алайда қиын кезең жедел әрекет етуді талап етеді. Сонымен бірге әр азамат тиісті талаптарды орын­дап, өз денсаулығы үшін жауап­кер­шілікпен қарауы тиіс деп ойлаймыз.  

Сұңқарбек БАТАНҰЛЫ

 width=