Fitch Қазақстанның рейтингін «BBB» деңгейінде, «тұрақты» болжамымен растады
Fitch Қазақстанның рейтингін «BBB» деңгейінде, «тұрақты» болжамымен растады
201
оқылды
«Fitch Ratings» рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «Тұрақты» болжамымен «BBB» деңгейінде растады. Бұл туралы Ұлттық Экономика министлігі хабарлайды. Агенттіктің ақпаратынша, Қазақстанның рейтингі ел экономикасының шикізат бағасының ауытқуымен, жинақталған кірістерден көрінетін бюджеттік тұрақтылығын көрсетеді. Рейтингтік агенттік мұнай бағасына және коронавирустық індеттің таралуына байланысты болған күйзелістерге қарамастан, елде сыртқы күйзелістерді жұмсартуға жеткілікті мемлекеттік қарыздың және бюджеттік резервтің айтарлықтай төмен деңгейінің сақталуда екенін атап өтеді. Рейтингтік агенттіктің хабарлауынша, Үкіметтің бизнес пен үй шаруашылықтарын қолдау бойынша қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралары елдің экономикалық өсуіне теріс әсерді ішінара қалпына келтірген. «Fitch Ratings» атап өткендей, Ұлттық Банктің өзгермелі айырбастау бағамы саясаты күйзелістерді абсорбциялауға мүмкіндік берді, ал теңгенің айырбастау бағамының икемділігі 2014-2015 жылдары мұнай бағасы құлдырағаннан бері экономикалық саясат тетігінің елеулі жақсаруына кепіл болды. «Fitch Ratings» мемлекеттің экономикалық бағытын күшейтетін және экономикалық саясаттың болжамдылығы мен тиімділігін күшейту үшін институционалдық дайындық деңгейін жоғарылататын құрылымдық реформалардың сәтті жүзеге асырылуын Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін одан әрі жоғарылатудағы негізгі фактор ретінде көрсетеді. Сонымен қатар рейтинг агенттігі экономиканы әртараптандыру мен елдің фискалдық резервтерін одан әрі қалыптастырудың маңыздылығына назар аударады. Ағымдағы жылғы 9 наурыздан бастап «Fitch Ratings» кредит рейтингтерін жағымсыз жаққа қарай және қамтыған елдерінің 60%-тен астамының болжамын бірге қайта қарастырды. Оның қатарында АҚШ, Канада, Жапония, Ұлыбритания, Франция, Италия, Мексика, Малайзия, Бразилия, Чили, Армения, Әзербайжан мен Грузия бар.