Ақтау тұрғындары әлеуметтік желілерде найзағайдың суреттері мен видеосын бөлісіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Найзағай 21 тамызда кешке соқты.
"Ақтауда найзағайларға кастинг өткіздік. Ең күштісін таңдаймыз", - делінген сурет сипаттамасында.
Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырып жатыр: "Табиғаттың барлық күші бір фотода", "Бұл шабыт түні болды".
Оқырмандар табиғи құбылыстың суреттері мен видеоларын Lada.kz редакциясына жіберген.
Қазгидромет мәліметінше, 22 тамызда Ақтауда күндіз ауа температурасы 25-27, түнде 16-17 болады. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, екпіні 20 метрге дейін жетеді. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанбады.
Синоптиктердің болжауынша, 23 тамызда күндіз ауа температурасы плюс 21-23, түнде 19 градус болады.
https://youtu.be/nlszAp6I87s