Нұр-Сұлтанда тірек пунктіне "шабуыл" жасалды. Полиция видеоның мән-жайын түсіндірді
Нұр-Сұлтанда тірек пунктіне "шабуыл" жасалды. Полиция видеоның мән-жайын түсіндірді
Видеодан алынған кадр
206
оқылды
Желіде Нұр-Сұлтандағы полицияның тірек пунктіне шабуыл жасалған видео пайда болды. Онда 10-нан астам адам ғимаратқа басып кірмек болады-мыс, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кадрларда көпшілігі қара киген адамдар есік-терезелерді ұрғылап жатқанын көруге болады. Жандарында полиция формасын киген бірнеше адам жүр.   https://youtu.be/rpHQt52oQLU "Бұл тірек пункті емес пе? Не деген тәртіпсіздік? Оң жағалау орталығындағы бұл үйдің тұрғындары сенбі күні таңертең тарсыл мен айқайдан оянды", - деп жазылған видео сипаттамасында. Нұр-Сұлтан полициясы жағдайды түсіндірді. "2020 жылдың 22 тамызында сағат 08.00-ден 11.30-ға дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы Байқоңыр аудандық полиция басқармасының базасында кеңейтілген жедел тактикалық оқу-жаттығу өткізілді, ол 23 тамызда жалғасады", - деп түсіндірді полиция өкілдері. Бұл жыл сайын өтетін жоспарлы оқу-жаттығу. Полиция елорда тұрғындары мен қонақтарын өткізіліп жатқан іс-шараға түсіністік танытуға шақырды.