Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 21 адам қайтыс болған
Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 21 адам қайтыс болған
фото: ашық дереккөз
210
оқылды
Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 21 адам қайтыс болған. Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 11 944 адам емделіп жатыр, оның ішінде 53 бала бар. Стационарларда – 5 715 пациент, амбулаториялық деңгейде ем алып жатқан 6 229 пациент бар.
333 адам ауыр жағдайда, 75 адам аса ауыр жағдайда жатса, 57 адам жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.