БҰҰ журналистерді қорғайтын стратегия құруға шақырды
БҰҰ журналистерді қорғайтын стратегия құруға шақырды
5,189
оқылды

Журналистерге қарсы жасалған қылмыстардың жазасыз қалуы қатыгездікті шегінен шығарады. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштың мәлімдемесінде жазылған.

2017 жылдың шілдесінен 2019 жылдың маусымы аралығында 207 журналист өлтірілген. Олардың 117-сі бейбіт мемлекеттерде қызмет жасап, қылмыстық топтар мен жемқорлардың былығын ашқан. Ал 90 журналист соғыс ошақтары қызған мемлекеттерде өлтірілген.

«Сөз бостандығы мен БАҚ бостандығы қоғамдағы өзара түсіністік пен диалогты қалыптастырудың негізі саналады», - деді БҰҰ бас хатшысы.

Алайда соңғы уақытта журналистерге қарсы физикалық шабуылдар көбеюде, оларды қамап, соңынан аңдыған жайттар да тіркелген.

«Журналистерге қарсы қылмыс әдеттегідей, тиісінше тергеліп, қаралмайды. Он журналист өлтірілсе, тек бір қылмыс қана жазаға ілігеді», - деді Гуттериш.

Өз сөзінде ол БҰҰ журналистерге жасалған қылмыс заң бойынша жазалануы үшін қолынан көмек қолын созатынын атап өтті. Гуттериш бар мемлекетті журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұлттық стратегия құруға шақырды.