Елбасы жұмыс орындарын құрып, тұрғындар табысын ынталандыруды тапсырды
Елбасы жұмыс орындарын құрып, тұрғындар табысын ынталандыруды тапсырды
110
оқылды
Елбасы Асқар Маминге Сайлауалды бағдарламаны талқылау барысында әлеуметтік қамсыздандыру шараларын күшейтуді тапсырды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Твиттердегі парақшасында хабарлады.
«Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев Сайлауалды бағдарламаны талқылау барысында Бюро мүшесі, Премьер-Министр А.Ұ.Маминге әлеуметтік қамсыздандыру шараларын күшейтуді, денсаулық сақтау саласының сапасын арттыруды, жұмыс орындарын құрып, тұрғындар табысын ынталандыруды тапсырды», -  делінген хабарламада.
Сонымен бірге ол өңірлердегі жастарға қолдау көрсетудің нақты тетіктері арнайы ұсынылуы тиіс екенін де жазды..