Алматыда Медеу – Шымбұлақ тасжолы уақытша жабылды
Алматыда Медеу – Шымбұлақ тасжолы уақытша жабылды
bostandyk.almaty.kz
201
оқылды
Алматыда халық ең көп баратын Медеу, Шымбұлақ демалыс аймақтарының арасы жалғайтын тасжол жабылды. Қалалық мобильділік басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, демалыс аймағындағы тасжолдарда жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жұмыс 25 тамыздан 15 қыркүйекке дейін жалғасады. Демалыс аймағына апаратын автожол жабылғанмен, туристер Шымбұлаққа аспалы жол арқылы бара алады. Шымбұлақ тау-шаңғы курорттық аймағы карантинге байланысты жабылған еді.
«Медеу – Шымбұлақ тас жолында орташа жөндеу жұмысы басталады. «Медеудегі» шлагбаумнан жаңа көпірге дейінгі аралық жөнделеді. Осыған байланысты, жол 25 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында жабық болады. Уақытша қолайсыздық үшін қала тұрғындарынан кешірім сұраймыз және барар жолын алдын ала ойластыруды сұраймыз», - делінген хабарламада.