Полицейлер көпбалалы отбасына көмектесті
Полицейлер көпбалалы отбасына көмектесті
©Сурет интернеттен алынды
5,181
оқылды
Планшетке полицияның басшылығы пен бөлімше басшылары да ақша қосыпты. Бұл жайында Алматы облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы облысы Ескелді ауданының полицейлері жалпы жиналыс өткізу барысында аудандағы аз қамтылған көпбалалы отбасылардың біріне материалдық көмек көрсетуге шешім қабылдады. Көмекке мұқтаж Әли отбасы қолдау қажет ететіндер тізімінің басында болған. Себебі, жанұяда әкесі бес баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. 2015 жылы аурудың кесірінен бес баланың анасы көз жұмған екен. Отағасының тұрақты жұмысы жоқ, ол өз отбасын кездейсоқ табыспен асырап келеді. Сондықтан сол отбасындағы сыныбының үздігі Аяулымға планшет табыс етті.
Жиналған ақшаға заманауи планшет пен оқу құралдары алынды. Ескелді аудандық Полиция бөлімінің бастығы полковник Ж.Қ.Құдайбергенов, аудандық полиция бастығының орынбасары полиция майоры Н. Н. Солтубеков, сондай-ақ, ювеналды полиция тобының аға инспекторы полиция майоры Е.А. Намазиманова Бақтыбай ауылының тұрғыны жасөспірімге планшет пен кеңсе тауарларын, ал отбасы басшысына материалдық көмек табыстады.