Түркіменстан президенті жаңа кітап жазды
Түркіменстан президенті жаңа кітап жазды
112
оқылды

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов жаңа кітап жазды. Бұл жолы Бердімұхамедов кітабын түркімен алабайына арнаған.

"Türkmen alabaýy" деп аталатын кітабының жарыққа шыққанын ол үкімет отырысында хабарлады. Басшының сөзінше, кітабында талай ғасырдан бері түркімендердің жақын досы болған алабай тұқымдас төбеттің бар қыры ашылады. «Үкімет отырысынан кейін осында отырғандар кітапты ала алады», - деді Бердімұхамедов.

Сондай-ақ ел басшысы алабайға арнап өлең шығарыпты, және оны Үкімет отырысында оқып берді. Ол жиналғандарға өлеңге баға берулерін сұраған.

«Түркімен алабайы» өлеңі сенбі күні басылымдардың алғашқы бетінде жарияланды. Онда алабай тұқымдас иттің күші,жігері мен адалдығы сөз болады.

Бұған дейін де Бердімұхамедов түркімендердің ас үйі, кілемі, музыкасы, мақал-мәтелдері, спорты туралы кітаптар шығарған еді. Соңғы рет ақалтеке тұқымдас жылқы туралы кітабын осы жылдың сәуір айында таныстырған.