Есмағамбетова 15 тамыздағы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді
Есмағамбетова 15 тамыздағы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді
5,111
оқылды
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетованың 15 тамыздағы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қаулының толық мәтінін мына жерден көруге болады.
"Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменттері, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының полиция департаменттері:
1) қызметіне рұқсат етілген объектілерде карантиндік шаралардың, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін. Бұзушылықтар анықталған кезде "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік шаралар қабылдауды;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссиясы отырысының 2020 жылғы 30шілдедегі № 6 хаттамасының 2.6-тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 48 қаулысына 2 және 3-қосымшаларға сәйкес қызметі шектелмеген объектілерді қоса алғанда, объектілердің қызметін қайта бастауды қамтамасыз етсін", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Есмағамбетова қаулыда шектеу шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде азық-түлік емес тауарлардың көтерме және бөлшек сауда объектілеріне (сауда нарықтарына) қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды жеке атап өтті.