ӘЧ: Екі жыл бұрын әлем чемпионатының күмісін алған қазақ балуаны жүлдесіз қалды
ӘЧ: Екі жыл бұрын әлем чемпионатының күмісін алған қазақ балуаны жүлдесіз қалды
5,242
оқылды

Әлемдік додада 2020 жылғы Токио олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынады

2017 жылы әлем чемпионатында күміс медаль иеленген қазақстандық балуан Демеу Жадыраев Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан әлем чемпионатында жүлдесіз қалды.

72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Демеу Палау балуанына қарсы өткізген алғашқы кездесуінде жеңіске жеткен. Алайда Видмайерден келген Майкл Феликстен айласын асыра алмады.

Еске салсақ, күрес түрлерінен әлем чемпионаты бүгін «Барыс Аренада» басталды. Осы жолғы әлемдік додада 2020 жылғы Токио олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынады.