Ауылдасының итін жеп қойды
Ауылдасының итін  жеп қойды
5,147
оқылды
22 тамызда Большая Малышка  ауылының  тұрғыны полицияға шағымданып, өзінің итін ауылдас­тары жеп қойғанын айтқан. Әрі әлгі азамат ауылдастарына 6 мың теңге қарыз екенін де мойындады. Соны­мен қатар  итін қарызының  өтеуі ретінде бергенін айтыпты. Алайда  ауылдастары итті сойып,  Есіл өзені­нің жағасында асып жеген. Бұл тура­лы СҚО Полиция  департа­ментінің баспасөз қызметі хабар­лады. Полиция  өкілдерінің мәлім­деуіне  қарағанда, бұл іс бойынша 12 және 16 жастағы   екі жасөспірім  куәгер  ретінде тартылып отыр. Олар иттің қыңсылап қиналғанын естіген. Кейін үш ауылдасының  ағашқа асыл­ған иттің денесін бөл­шектеп жатқанын  көріпті. Кейін  аудандық полиция қызметкерлері 1987 жылы туған бір азаматты тұт­қындады. Қал­ған екеуі сыбайлас ре­тінде  тергеліп жатыр.  

А.СҰЛТАН