22 тамызда Большая Малышка ауылының тұрғыны полицияға шағымданып, өзінің итін ауылдастары жеп қойғанын айтқан. Әрі әлгі азамат ауылдастарына 6 мың теңге қарыз екенін де мойындады. Сонымен қатар итін қарызының өтеуі ретінде бергенін айтыпты. Алайда ауылдастары итті сойып, Есіл өзенінің жағасында асып жеген. Бұл туралы СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Полиция өкілдерінің мәлімдеуіне қарағанда, бұл іс бойынша 12 және 16 жастағы екі жасөспірім куәгер ретінде тартылып отыр. Олар иттің қыңсылап қиналғанын естіген. Кейін үш ауылдасының ағашқа асылған иттің денесін бөлшектеп жатқанын көріпті. Кейін аудандық полиция қызметкерлері 1987 жылы туған бір азаматты тұтқындады. Қалған екеуі сыбайлас ретінде тергеліп жатыр.