Түрік дәрігерлері көмекке келмек
Түрік дәрігерлері көмекке келмек
152
оқылды
Бүгінде Жамбылда індеттің беті қайта бастады. Алайда бұл бо­саңсуға еш негіз бола алмайды. Сондықтан өңір басшысы Бер­дібек Сапарбаев  Түркияның  Башкент университеті клиника­сының басқарма төра­ғасы, про­фессор Мехмет Хабер­ал­мен он­лай байланысқа шығып,  ден­саулық сақтау саласындағы стра­тегиялық ынтымақтастық мә­селелерін талқылады. Кездесу барысында  Бердібек Машбекұлы  Түркия мен Қазақ­стан арасында достық қарым-қатынас бұрыннан қалыптас­қанын тілге тиек етіп, Башкент универ­ситетінің клиникасы әл­ем­нің жетекші білім беру және меди­цина­лық мекемелерінің бірі бо­лып табылатынына баса тоқ­тал­ды. – Біз Башкент университеті клиникасының үздік мамандары Қазақстанның әр аймақтарында шеберлік сабақтарын өткізіп, семинарларға, конференцияларға қатысып, халыққа консультация­лық көмек беретінін білеміз.  Со­­нымен қатар қазақстандық меди­цина қызметкерлері сіз­дердің кли­никаңыздың шақыр­уымен бірнеше рет Анкара қала­сында біліктілігін арттырудан өтті.  Әлем­де медициналық кө­мектің ілгері дамып, жетіліп жат­қанын, диагностика мен емдеудің жаңа технологияларын енгізуді ескере отырып, Жамбыл облысы­ның медицина қызметкерлері де медициналық қызметтің әртүрлі аспектілері бойынша оқытудан және қайта даярлықтан өтуді қажет етеді.  Атап айтқанда, кар­диология, неврология, гастро­энтерология, пульмонология, нефрология, интервенциялық кардиология, нейрохирургия, тамыр хирургиясы, эндовидео­хирургия сияқты бағыттарды дамыту керек. Біздің анес­тезиолог­тер, реаниматологтер, нео­натологтар, акушерлік және балалар мамандары да өз білікт­іліктерін арттыруы тиіс, – деді Бердібек Сапарбаев. Өз кезегінде Мехмет Хаберал  Түрік мамандары жамбылдық дәрігерлерге жан-жақты қолдау көрсетуге, соның ішінде тегін бі­ліктілігін арттыруға дайын еке­нін айтты. – Біз сіздердің медициналық қызметкерлеріңізді қабылдап, оларды тегін оқытуға дайынбыз. Сонымен қатар медициналық ұйымдар негізінде мастер-клас­тар, семинарлар, конференция­лар және басқа да оқу ісшара­ларын өткізу үшін біздің ма­мандар сіздердің өңірге ар­найы жіберілетін болады, – деді про­фессор Мехмет Хаберал. Биыл  әлем елдері  корона­вирус індетінің алдында тізер­легені анық. Пандемия барлық салаларға соққы жасап, оның ішінде  медициналық ұйымдар­дың қызметін жедел түрде қайта құруға қажеттілігін аңғартты.  Яғни, індеттің мұндай таралуына отандық медицина дайын емес екенін көрсетті. Десе де,қазір эпидемиология­лық ахуал­дың жақсарып келе жатқанын, коронавирус инфек­циясының таралу қарқыны төмендегенін атап өткен жөн. Алайда пан­демияның екінші толқынына дайын болу керек. Осыған орай, тәжірибені ескере отырып, об­лыста қосымша резервтік  тесек қоры құрылып, бюджет және демеушілік қаражат есебінен  құрал-жабдықтар, тест-жүйелері, дәрі-дәрмек сатып алын­уда. – Бірақ соған қарамастан, біз медициналық жабдықтармен, шығын материалдары, жеке қор­ғаныс құралдарымен қо­сымша жабдықтау қажеттілігін сезінеміз. Төтенше жағдай кез­індегі меди­циналық қызмет­керлердің қа­уіпсіздігін қам­тамасыз ету бір­інші кезектегі міндет болып табыл­ады. Сондай-ақ халық­- аралық стан­дарттар талаптарына сай келетін жаңа медициналық нысандар салу қажет, – деді Б.Сапарбаев. Мехмет Хаберал универ­ситеттік клиника Жамбыл об­лысындағы медициналық ұйым­дарға гуманитарлық көмек жі­беруге дайындалып жатқанын айтып, қуантты.  Онда бірреттік және қайта пайдалануға болатын қорғаныс костюмдері, респи­раторлар, бетперделер, антисеп­тиктер, дәрі-дәрмектер және ме­дициналық жабдықтар  бар. Онлайн кездесу соңында Бер­­дібек Сапарбаев профессорға осындай маңызды қолдауы үшін алғысын білдіріп, Тараз қаласын­да Башкент университеті кли­ника­сының филиалын салу мә­селесін қарастыруды ұсынды. Бұл мәселе тараптар жағынан таразы­ланып, бір байлам жаса­латын болып шешілді.  

Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы