700-ге тарта автобус жүргізушісі жетіспейді – «Astana LRT»
700-ге тарта автобус жүргізушісі жетіспейді – «Astana LRT»
133
оқылды
Елордада 700-ге тарта автобус жүргізушісі жетіспейді. Бұл туралы брифингте «Astana LRT» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Сеитов мәлім етті. «Біздің тарапымыздан автобус жүргізушілерін іріктеу бойынша қажетті шараларды іске асырудамыз. Зейнет жасына жеткен жүргізушілер зейнеткерлікке шығып жатыр, ал жастар осы кәсіпке келуге қызығушылық танытпауда», – деді «Astana LRT» ЖШС өкілі. Б.Сеитовтің сөзіне қарағанда, автобус парктері тарапынан лайықты еңбекақы болуы пысықталуда. «Нұр-Сұлтан қаласында жүргізушілер тапшылығы бар, бүгінде 700-ге жуық адам жетіспейді», – деді ол. Бұдан бұрын хабарланғандай, «Astana LRT» автобус пен тепловоз соқтығысуына қатысты түсінік берді.