Қызылорда, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында дауыл соғады
Қызылорда, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында дауыл соғады
Фото: Интернеттен алынды
181
оқылды
Республиканың тек солтүстік-шығыс, шығыс, оңтүстік-шығысында найзағай мен жаңбыр жауады деген болжам бар. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, желдің екпіні күндіз 23 м/с артады, бұршақ жаууы ықтимал. Таңертең және күндіз Қызылорда, күндіз Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Қызылорда облысында, Түркістан облысының кей жерлерінде, Атырау, Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.