Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы төмен – ҚР БҒМ
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы төмен – ҚР БҒМ
344
оқылды

Қазақстандық мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы төмен,– деп мәлімдеді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

«Біз бес салыстырмалы зерттеуге қатысамыз – бұл PIRLS, TIMSS және PISA. PIRLS мәліметтері бойынша біз мәтіндік және оқырман сауаттылығы бойынша 27 орындамыз, ал TIMSS бойынша алғашқы ондыққа кіреміз, алайда PISA нәтижелері оқушыларымыздың функционалдық сауаттылығының төмендігін көрсетті. Біздің балаларымыз көп нәрсені біледі, бірақ олар өз білімдерін қалай пайдалануды білмейді», – деп мәлімдеді министр бүгінгі үкімет отырысында.
Ескерте кетейік, PIRLS, TIMSS, PISA – оқушыларды бағалаудың халықаралық жүйесі.
PISA-2015 нәтижелері бойынша Қазақстан математика пәнінен 600-ден 460, оқудан 600-ден 427, ғылым бойынша 1000-нан 456 балл жинаған.

PISA-2018 нәтижелері 2019 жылдың желтоқсанында жарияланады.

TIMSS рейтингісіне сәйкес, 4 сынып оқушыларының математикалық білім деңгейі бойынша Қазақстан 49-дың ішінде 12-ші орынға, ал 8-ші сынып оқушыларының математикалық білім деңгейі бойынша 39 орынның ішінде 7-орынға ие болды.