Италияда өртенген яхтада болған қазақтар кім?
Италияда өртенген яхтада болған қазақтар кім?
141
оқылды
25 тамыз, сейсенбі күні таңғы сағат 6-да яхта бортынан дабыл қағылады. Италияның жағалау күзеті яхтаға көмек көрсету үшін екі патрульдік қайық пен тікұшақ жібереді. Бірнеше са­ғаттан кейін өртеніп жатқан қа­йықтың жолаушылары радио орталығына яхтадан шыққаны туралы хабарлаған. Бұл шамамен сағат 11-де Porto Cervo Radio эфирінде айтылды. Жолаушылар Сардиния жа­ғалауына жетіп қалғанын және қозғалтқышы бар желкенді ке­мемен Синискола портына жет­кізілді. 118 жедел жәрдем қыз­­м­еті зардап шеккендерге кө­мек көрсетті. Италия баспасөз құралдарының жазуынша, өрттің шығу себебін анықтау үшін тергеу жұмысы басталған. Әзірге яхтада болған қазақ­стандық туристердің кім еке­ні ресми хабарланған жоқ. Кейбір ақпарат көздерінің де­регіне сенсек, яхтада болған қазақстандықтар жай адамдар емес, жоғары дәрежедегі аза­маттар көрінеді. Мәселен, «Белый лист» Telegram каналы шетелдік дереккөзге сілтеме жа­сасақ: «Өртенген яхтада бір кездері Кредит Алтын Банк және Altyn Group Kazakhstan-ға иелік еткен әйгілі Асаубаевтар әулеті демалып жатқан». keme 2011 жылы Асаубаевтарға қазақстандық алтын өндіруші компанияларды басқара отырып, активтерді оффшорлық ком­пания­лар арқылы шетелге шы­ғарды деген айып тағылған. Бірақ іс бейбіт жолмен шешілген-ді. Сарапшылардың пікірінше, Асаубаевтар бизнесінің БЖЗҚ алдындағы жалпы қарызы қазіргі уақытта шамамен 300 миллион долларға жеткен. Яхтадағы жолаушылардың дені күні бойы құтқару базасында болып, содан кейін полиция бөлімінде құқық қорғау орган­дарының қызметкерлерінің сұ­рақтарына жауап беруге мәжбүр болған. Өрттің шығу себебін анық­тау үшін құқық қорғаушылар оларды біраз қыспаққа алса ке­рек. Өртенген яхтада болған қа­зақ­стандық жолаушылардың бар­лығы қазір Италияда. Шама­сы, полиция тарапынан тергеуге бай­­ланысты олардың шекарадан шы­ғуына шектеу қойылған. 50 метрлік Lady MM яхтасын 2003 жылы ISA Yachts компаниясы шығарған және соңғы рет 2013 жылы қайта жаңартылған екен. Интерьерін Джанет Леро, ал сырт­қы дизайнын архитектор Вальтер Франкини әзірлеген. Lady MM яхтасының 5 түрлі каютасы (мастер-люкс, VIP-каюта және үш екі орындық каюта) бар және соған 10 қонақ пен экипаждың 9 мүшесі сыюы мүмкін. Boat International порталының мәліметінше, ол 2017 жылы са­тыл­ған. Бұрынғы иесі бұл яхтаны алғашқыда 8,5 миллион евроға бағалаған.  

А.ҚОНЫС