Атыраудан Қызылорда мен Оралға әуе рейсі ашылды
Атыраудан Қызылорда мен Оралға әуе рейсі ашылды
фото: ашық дереккөз
5,126
оқылды
Атыраудан Қызылорда мен Оралға әуе рейсі ашылды. Бұған дейін «FlyArystan» əуе компаниясы шілдеде Атырау қаласынан Алматы, Ақтау, Шымкент, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе қалаларына рейс ашқан еді. Енді кеше Қызылорда мен Орал қалаларына алғашқы рейс орындалды. «Атырау-Қызылорда» бағытындағы рейс аптасына екі рет қатынайды. Дүйсенбі, жұма күндері «Атырау-Қызылорда», ал, сəрсенбі, жұма, жексенбі күндері «Атырау-Орал» бағытында рейстер ұшады. 180 орындық «Airbus-320» ұшақтарында қауіпсіздік мəселесіне баса назар аударылады», - дейді «FlyArystan» əуе компаниясының баспасөз қызметінің өкілі Лəззат Нәбиева. Оның айтуынша, Атыраудан Қызылорда қаласына билет құны 6999 теңгеден, Орал қаласына 4999 теңгеден басталады. Сондай-ақ, 29 тамызда Қарағандыға, ал, 1 қыркүйекте Қостанайға әуе рейстері ашылады.