Праймериз таңдаулы адамдардың ғана еншісі емес - Базара Танбаева
Праймериз таңдаулы адамдардың ғана еншісі емес - Базара Танбаева
фото: ашық дереккөз
188
оқылды
Партия жариялаған праймериз елдің саяси жүйесінің болашақ бағдарын айқындайтын маңызды қадамдардың бірі. Бұған дейін   жасыратыны жоқ  қоғамда депутат болу үшін бизнесің, қаржылай қорың, демеушілік тірлігің болуы керек деген қасаң түсінік болатын. "Nur Otan" партиясы Саяси Кеңесінің мүшесі, "Nur Otan" партиясы  Теміржол филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева бүгінгі қоғамның қазіргі сұранысына бұл қалыптасқан түсінік жарамайтынын айтты. «Лауазымды қызметте істемесе де, ірі бизнесі болмаса да бірақ есесіне белсенді азаматтық ұстанымы бар қатардағы азамат  партия атынан депутат болуға мүмкіндігі бар.  «Nur Otan» партиясы ұсынып отырған  Праймериз саясаттың тек ерекше таңдаулы адамдардың ғана еншісі емес екендігін көрсетеді.Тап қазіргі қоғамға  жаңа идеялары бар, әрі қарай дамуға көмек беретін креативті адамдар қажет. Бұл  жаңа заманның  депутаты батыл болу керек,  жұмыс өрісі кең болуы тиіс  дегені. Ашық, бәсекелестік негізде ұйымдастырылып отырған  Праймериз – өңірлердегі келешегі бар жастардың елдің саяси сахнасына шығуына мүмкіндік беретін маңызды әлеуметтік лифт», -деді Базара Танбаева. Осы мүмкіндікті сырбойылық теміржолшылар да пайдалануда. Сайлау алдындағы сайлау  додасына теміржолшылар арасынан құжат тапсырғандар бар. Олардың әрқайсысы қолынан іс келетін, билікке түрлі проблемаларды шешудің жолдарын ұсына білетін, ой өрісі терең, қоғамдық жұмыстардың ортасында жүретін азаматтар. Бақ пен бап сынайтын саяси додада партияластарымызға сәттілік тілеймін.