Сауд Арабиясында мұнай жеткізу қашан қалыпқа келеді?
Сауд Арабиясында мұнай жеткізу қашан қалыпқа келеді?
94
оқылды

Сауд Арабиясында мұнай жеткізу өзінің бұрынғы қалпына келді. Өткен аптада Саудиядағы мұнай шығаратын бірнеше зауытқа шабуыл жасалып, салдарынан өндірістің 50 пайызы кенжелеп қалған еді.

Корольдіктің энергетика бойынша министрі Әбдел Әзиз бен Салман әл Саудтың сөзінше осы айдың соңында өндіріс қуаты күніне 11 миллион баррельге жететін болады. «Saudi Aramco өзінің әлемдік тұтынушыларының алдында міндеттерін толығымен орындайды», - деп сөз берді әл Сауд.

Шабуылға ұшыраған Абкаикадағы мұнай өндіруші зауыт әлемде мұнай өндіру саласында ең маңызды өндіріс орны саналады. Аталған сектор нарығында жетекші рөлге ие, қанша дегенмен жаһандық мұнай өндірісінң 5 пайыз үлесі соған тиесілі.

Сауд Арабиясында болған жағдайдан кейін мұнай өндіру қарқыны төмендеп, әлемдік аренада оның бағасы шарықтап кеткен еді.