Елордада 1 қыркүйектен бастап қала кітапханалары жұмыс істей бастайды
Елордада 1 қыркүйектен бастап қала кітапханалары жұмыс істей бастайды
© сурет интернеттен алынды
134
оқылды
Елордада 1 қыркүйектен бастап қала кітапханалары жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
«Елорданың құрметті кітапсүйер қауымы! Үзілістен соң, 1 қыркүйектен бастап қала кітапханалары жұмыс істей бастайды. Жұмыс кестесі дүйсенбі мен жұма аралағында сағат 10.00-ден 18.00 дейін», - деп жазылған хабарламада.
Карантиндік демалыс сақталады. Сенбі -жексенбі - демалыс.
«Маска режимі сақталады, оқырмандар залында арақашықтық сақталып, 5 адамнан артық болуға болмайды. Кітапханалардың мекен-жайын astana-library.kz сайтынан қарай аласыздар», - деп жазылған ақпаратта