Президент медицина саласын дамытуға айрықша көңіл бөліп отыр – Болат Төкежанов
Президент медицина саласын дамытуға айрықша көңіл бөліп отыр – Болат Төкежанов
Фото: Интернеттен алынды
260
оқылды
Cебебі, Жолдауда Мемлекет басшысы ел дамуының барлық саласын қамтыған, оның ішінде медицина саласына  ерекше назар аударып, әрдайым қолдау білдіріп отырады. Әрбір айтылған сөз терең зерделеніп, экономикалық тұрғыдан да зерттелгені көрініп тұр.
Мемлекет басшысы: «COVID-19-бен күресте коронавирус немесе пневмонияға шалдыққан 1111 медицина қызметкері мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы әлеуметтік төлемді алды. Сондай-ақ, МӘСҚ аурудың салдарынан қайтыс болған 8 медицина қызметкерінің туыстарына төлем аударды», – деп атап өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арналған алғашқы Жолдауында: «2020 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың енгізілетінін»  айтқан болатын. Жолдауда Президент мемлекет тарапынан тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі сақталатынын, оны қаржыландыруға келесі үш жыл ішінде 2,8 трлн-нан астам теңге бағытталатынын баяндаған. Нақтылай кететінім, Президент сенім білдірген «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» жүйесі – бұл әлеуметтілік, яғни мемлекет әлеуметтік жағынан осал халықтың үлкен тобын өз қамқорлығына алып, олар үшін төлемді өзі жасайды. Осы орайда, Жолдауға қолдау білдіріп, медициналық қызмет көрсетудің сапасын әрі қолжетімділігін арттыра түсуге атсалысамыз. Мемлекеттік құрылымдар мен әр деңгейлі билік өкілдеріне осы тапсырмаларды тиянақты орындау ғана қалып тұр.

Болат ТӨКЕЖАНОВ, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы