Тоқаев баспана кезегінде тұрғандар мәселесін тездетіп шешуді тапсырды
Тоқаев баспана кезегінде тұрғандар мәселесін тездетіп шешуді тапсырды
© Ақорда
125
оқылды
Мемлекет басшысы Жолдауында әкімдіктер жалдамалы тұрғын үйлерді салып жатқанына қарамастан қазынадан ақша бөліп, сатып алу процесін іске асырғанша арада көп уақыт жоғалатынын атап өтті. Сондықтан бұл жүйеге өзгерістер енгізетін уақыт келгенін айтты. Қаржыны тек құрылысқа ғана емес, сонымен бірге жалдамалы баспананың төлемақысын субсидиялауға бөлген жөн. Мұндай механизмнің арқасында баспанамен қамту 10 есеге артады. 100 мыңнан астам отбасы мемлекеттік қолдауға арқа сүйей алады.  Бұл істі реттеу Тұрғын үй құрылыс банкінің жанынан құрылатын  Отбасы банкіне тапсырылды. Президент мәлімдегендей, банк басшылығы бұл іске тікелей жауап беретін болады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы жеке тұрғын үй құрылысына қатысты Нұрлы жер бағдарламасының баяу іске асырылып жатқанын атап өтті.
- Бұл негізінен құрылыс жүретін аумақтың дайындығы баяу жүргізілуіне байланысты. Өйткені заң бойынша құрылысқа қажет жер су және электр жарығы өткізілген жағдайда ғана тапсырылады. Жер үй әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, әсіресе көп балалы отбасыларға үлкен қолдау саналады. Сол себепті әлеуметтік мақсатқа арналған жеке үйлердің құрылысына қажет коммуникацияларды тездетіп қамтамасыз етуді Үкімет пен әкімдіктерге тапсырамын, - деді ол.