«Президент Жолдауы – елді жаңғыртудың жаңа кезеңі» – Нұрлан Нығматулин
«Президент Жолдауы – елді жаңғыртудың жаңа кезеңі» – Нұрлан Нығматулин
Бюрода Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алтыншы сессияның ашылуында Қа­зақстан халқына арнаған Жолдауында көрсетілген басым­дықтарын ескере отырып, депутаттық корпус қыз­метінің негізгі бағыттары талқыланды. Отырысты ашқан Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерінің ауқымдылығына тоқталып, олардың шешімі қазақстандықтардың өмірінің барлық са­лаларын жаңғырту және қарқынды дамыту үшін қажет екеніне назар аударды. Сонымен бірге депу­таттарға мемлекеттік басқарудың жаңа моделін заң­намалық қамтамасыз ету, квазимемлекеттік сек­тордағы ре­формаларды қолдау, салық заң­намасы мен бюджеттік саясатты жетілдіру мә­селелері бойынша жұмыс істеу қажет екеніне тоқталды. Жұмыстың басым бөлігі азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартумен, соның ішінде денсаулық сақтау, білім беру, балалардың құ­қық­тарын қорғау мәселелерін шешумен бай­ланысты. Нұрлан Нығматулин атап өткендей, Президент Жолдауы – елді жаңғыртудың жаңа кезеңі. Бюро отырысының күн тәртібінің жобасында бірқатар маңызды құжатты қарастыру көзделген. Атап айтқанда, Ұлттық қордан 2021-2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы, 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобалары бар. Осылардың қатарында: орталық және жергілікті мемлекеттік органдар ара­сында ауызсумен жабдықтауды субсидиялау жө­ніндегі өкілеттіктердің аражігін ажырату мә­селелері бойынша түзетулер енгізу туралы заң жо­басы, сондай-ақ «Техникалық реттеу туралы» және оған ілеспе заң жобалары бар. Алдағы жалпы отырыста «Ерекше тауарларды бақылау туралы» және оған ілеспе заң жобалары бойынша қо­рытынды әзірлеу мерзімі белгіленетін болады. Сонымен қатар жұ­мысқа алын­ған құжаттардың қатарында «Қа­зақстан Респуб­ликасының ха­лықаралық шарт­тары туралы» заңына өзгерістер мен толықтыру ен­гізу туралы және ақпарат мә­селелері бойынша заң жобалары бар, сондай-ақ бірқатар  рати­фикациялық заң жобасы да қарастырылмақ.