Жолдауда қандай мәселелерге басымдық берілді?
Жолдауда қандай мәселелерге басымдық берілді?
215
оқылды
ДДСҰ-ның мәлі­ме­тін­ше, пандемияның 2 жылға созылу мүм­кіндігін де еске салды. Бұл тұрғыдан панде­миямен күрес жөнінде негізгі бағдар­ла­ма әзірленбек. Мемлекет та­ра­­пы­нан әлеуметтік-экономикалық са­лалар­дағы міндеттемелерді орындау үшін Ұлт­тық қордан 1 трлн теңге бөлінуі тиіс. Сон­­дай-ақ  2019 жылы айтылған сот, құ­қық қор­ғау органдары саласындағы реформа­лар да жал­ғасын таппақ. Са­рап­шы­лар бұл Жол­дауда қоғам ішінде талқылан­ған біраз мә­селелер тұңғыш рет жоғары мін­берден көтерілді деген пікірде.         AbsalАбзал ҚҰСПАН, адвокат-заңгер:  – Жолдауда назар ау­дарар­лық дүние көп, оның ішінде өзіме қа­тыс­ты құқықтық құ­ры­­­­­­лымдар қызметін же­­­­­­­­­­­­тіл­діру мәселесіне тоқталғым келеді. Ад­вокат пен про­курор­дың теңдігі айтылып қалды. Бұл мәселе өте өзекті. Бұл жайында Пре­зидент Әкімшілігіне бірнеше мәрте хат та жаздым. Бізде, адвокат пен прокурор, яғни қорғаушы мен айыптаушы арасында теңсіздік барын бәрі біледі. Ол үшін заңгер болудың қажеті жоқ. Халықтың арасында «прокурор қандай айып тақса, сот сондай шешім шығарады» деген пікір қалыптасқан. Бұл пікір негізсіз емес. Дамыған елдерде адвокат пен прокурордың теңдігі толықтай қамтамасыз етілген. Әрине, бірінші рет жоғары деңгейде Президент аузынан осындай сөздің шыққаны қуантады. Тиісті заң шығарылып немесе заңдарға өзгерістер енгізілсе, біз өз тарапымыздан қолдау біл­діреміз. Екінші мәселе – Қылмыстық кодекс пен Қылмыстық процестік кодекске тым жиі өз­герістер мен толықтырулардың енгізілуі. Расында да, бұл кодекстер тұрақсыз заңдар қатарына жатады. Мұның құқықтық салдары орасан зор. Егер ҚК пен ҚПК тұрақсыз болса, онда сот үкімдерінің бірізділігі мен сот прак­тикасының қалыптасуы туралы әңгіме қозғай алмаймыз. Себебі бір күнде қы­рық құбылатын заң теріс әсерін тигізеді. Статистикаға сенсек, 2014 жылы қабылданып, 2015 жылы қолданысқа енгізілген Қылмыстық кодекс пен Қылмыстық процестік кодекске 35 рет өзгеріс енгізілген. ҚК-те 486 бап бол­са, соның 300-ден астамына, яғни үштен екі бөлігіне өзгеріс енген. Меніңше, бұл ше­тел заңдарын Қазақстан жағдайына сай келе ме, жоқ па, мұны ескермей көшіре са­лудың салдары. Менің ұсынысым осы заңды құрастырушылар мен заңды қабылдаушылар, яғни заң шығарушылар жауапкершілігі жай­лы сөз қозғайтын кез келді. Егер олар қабыл­даған заң ертең өмірдегі жағдайға сәйкес кел­­мей, қайта өңдеуді талап етіп жатса, олар­­­­ға жауапкершілік қарастыруымыз қажет. Сапасыз заңның салдары қиын, бұл құқықтық нигилизмге әкеп соғады.       Aigyl Айгүл СОЛОВЬЕВА, Қазақстан Экологиялық ұйымдары қауымдастығының басқарма төрайымы: – Президент Жол­дауы­­нан баса айта кете­тін жайт – әлеу­меттік бағ­­дар­лама. Со­ның ішінде зейнетақы қорын­дағы қаражаттың бір бөлігін бас­пана алу үшін қолдану, мұғалімдерді қолдау, дәрігерлердің жұмыс істеу мотивациясын арт­тыру үшін дұрыс жалақы қою, тағысын тағы. Бұдан тыс сот жүйесінің реформасы мен сот­тағы бәсекелестік қағидатын сақтау үшін сала­ны оңтайландыру маңызды. Экономикаға бай­ланысты айтар болсақ, негізгі принцип – бәсекеге қабілетті орта қалыптастыру мен қара­­­жатты әділ бөлу бизнес субъектілеріне ашық және қолжетімді негізде жүзеге аспақ. Квазимемлекеттік және мемлекеттік секторды оңтайландыру да маңызды. Бұл тұрғыдан тікелей Президентке бағынатын Стратегиялық жоспарлау агенттігін құру дұрыс, ал Үкімет атқарушы функциясын атқара береді. Ауылға да, агрокешенге де көп мән берілді, әкімдер сайланады. Әр әкімдіктің бюджеті болады. Қала балалары сияқты ауыл балалары да білімге толықтай қол жеткізуі керек. Сандық жүйемен қамтуға да маңыз берілді. Жасыл экономика мәселесі де көтерілді. Көмірқышқыл газының төмендеуіне байланысты ой айтылды. Бұл нені білдіреді? Бұл жасыл экономиканың сапалы әрі жоғары деңгейдегі жаңа жұмыс орындарын беріп отырғанын аңғартады. Президенттің Париж келісімдеріне көңіл бөлгені тектен-тек емес. Соны­мен қатар адам құқықтары мен бос­­тан­дықтарын сақтау мәселесі баса айтылды. Кінә­сіз­дік презумпциясы қашанда негізге алынуы керек. Меніңше, бұл Жолдау алдыңғы Жолдаудың жалғасы іспетті. Соңғы Жолдауда ал­дында ай­тылған бастамаларға ерекше мән бері­ліп, жүзеге асыру тетіктері нақтылана түс­кен.   Rayan Рауан КЕНЖЕХАНҰЛЫ, «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры: – Шыны керек, бұған дейін­гі Жолдауды осылай асыға күтпеген едік. Себебі қа­зіргі қалыптасқан жағдай бәрі­мізден, бірінші кезекте мем­лекеттен айқын жоспар мен белсенді әрекетті талап етеді. Сол жос­пар­дың бағыт-бағдары белгіленді. Өзімізге тікелей қатысы бар маңыз­ды шаралар туралы айтсам, кәсіп­кер­лікті қолдау аясындағы салық пен субсидия арқылы ынталандыру жоспары өте дұрыс. Әділетті бәсекелестік негізінде кәсіп­керлердің жаңа буынын өсіру, оларға жол ашу ниетін қолдаймыз. Демографиялық өсімге қайтадан ден қою, «Аңсаған сәби» бағдарламасы сөз­­сіз қажет. Білім саласындағы жұмысты «Бар­шаға қолжетімді сапалы бі­лім» қағидасына бағын­дыру – өте дұрыс. Бұл біздің ұйымның 2011 жылы жариялаған миссиясымен үндес. Соның аясында 6 жасқа дейінгі балаларды бала­бақшамен 100 пайыз қамту міндеті орын­ды. Сонымен қатар Үздіксіз білім алу тұжырымдамасын жасақтау міндеті қойылды. Бұған дейін ол туралы көп айтылса да, нақты әрекет жоқ еді. Тұжырымдама болса, нақты қа­дамдардан тұратын іс-қимыл жоспары бо­лады деген сөз. Бізге маңызды тағы бір сала – ақ­параттандыру. Бұл бағытта әдеттегідей стартап­тарды қолдау емес, жетілген отандық жүйе­лер мен сервистерді экспортқа шығару, IT саласын индустрия ретінде дамыту, оған жарты триллион теңге инвестиция тарту мақсаты да дұрыс деп санаймыз.  

 Кәмшат АЙТБАЙҚЫЗЫ