Алматыда жоғалған 9 жастағы бала іздестіріліп жатыр
Алматыда жоғалған 9 жастағы бала іздестіріліп жатыр
Фото: Интернеттен алынды
160
оқылды
Полицияның хабарлауынша, Месут Мырзақұлов 1 қыркүйекте түскі 13:00 шамасында Медеу ауданында орналасқан үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.
«Баланың сыртқы белгілері: бойы – 125 см, дене бітімі арықтау, шашы қара. Арнайы белгілері жоқ. Ол жолақ сызықтары бар жасыл-ақ түсті жейде, қара көк шорты, ақ бауы бар қара көк түсті кроссовка киген. Месут Мырзақұловтың қайда екенін білетіндер 8778-798-00-77; 8701-739-53-94; 8-708-924-82-07 немесе 102 нөмірлеріне тез арада хабарласуын сұраймыз», – деді Алматы ПД баспасөз қызметі.