Кәсіподақтар федерациясының съезі өтіп жатыр
Кәсіподақтар федерациясының съезі өтіп жатыр
Фото: Интернеттен алынды
710
оқылды
Съезде ҚР Кәсіподақтар федерациясының 5 жылғы жұмысы қорытындыланды. Сондай-ақ алдағы бес жылға ҚРКФ қызметінің басым бағыттары анықталады. Алғаш рет онлайн режимде өтетін съезд жұмысына республиканың барлық салаларын қамтитын 157 делегат қатысады. Сондай-ақ, әлеуметтік әріптестер, саяси партиялар жетекшілері, ҚР Парламенті депутаттары, шетелдік кәсіподақ ұйымдарының және Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) және Бүкілеуропалық аймақтық кеңес (ХКК-БЕАК) секілді халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысып жатыр. Кәсіподақтар федерациясының съезі – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі елеулі және маңызғы оқиға. 5 жылдықтың басты кәсіподақ форумына қатысушылар пандемия дағдарысынан кейін экономиканы қалпына келтіру, жұмысшылардың әлеуметтік қорғалуын күшейтуге және Еңбек адамының лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік диалогтың жаңа форматына ауысу жағдайларында еліміздегі кәсіподақтар қозғалысын дамыту векторларын анықтайды.   https://youtu.be/vnTU8rtFqho   Съезде ҚРКФ XXIV, XXV (кезектен тыс) съездерінің шешімдерін орындау барысы туралы Бас кеңестің есебі, ҚРКФ Тексеру комиссиясының 2015-2019 жылдардағы есебі, сондай-ақ Кәсіподақтар федерациясының Жарғысына толықтырулар қарастырылды. Съезд барысында Кәсіподақтар федерациясының төрағасы сайланады және ҚРКФ Бас кеңесінің құрамы бекітілді. Съезд делегаттары Кәсіподақтар федерациясының қызметіндегі негізгі бағыттар бойынша қарар және XXVI съезд үндеуін қабылдады. Съездің қорытынды нүктесі кәсіподақтар қозғалысын одан әрі жаңғырту мен реформалаудың жолын анықтайтын және жұмысшылардың еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін сенімді қорғауды одан әрі қамтамасыз ететін тиімді жұмыс үшін негіз болатын Қазақстан Республикасы кәсіподақтарының 2020-2025 жылдарға арналған стратегиясын қабылдау болады.