Өмірінің әр сәтін арпалыспен өткізетін суретші
Өмірінің әр сәтін арпалыспен өткізетін суретші
707
оқылды
Тарихқа үңілсек, әлемге аты белгілі суретшілердің көбінің тағдыры қиын болған. Бірін қаржының жетіспеушілігі күйзелтсе, енді бірінің денсаулығы сыр берген. Мәселен, Ван Гогта эпилепсия ғана емес, психологиялық ауытқушылығы болыпты. Ал Франциско де Гойя болса 33 жасында құлағы естімей, керең болып, өмірінің соңына дейін ауруына ем іздеген. Бір кем дүние деген осы шығар... суретші Бізде де тағдырлы суретшілер бар. Соның бірі – Ләззат Шайкежанова. Оның өмірбаяны жайлы деректі фильм  түсірілді. Ал шығармашылығымен біз ғана емес, шет ел де таныс. Себебі авангард суретшінің 2016 жылы Берлинде жеке көрмесі өткен. Одан бір жыл бұрын «Ең үздік жыл суретшісі» номинация бойынша облыс әкімінің премиясын жеңіп алған. Суретшілер одағының мүшесі бүгінде сурет салудан қалған. Сырқатының кесірінен қолына қылқаламын ала алмай отыр. Айтуынша, ауруы осыдан 8 жыл бұрын қоза бастаған. [caption id="attachment_69499" align="alignnone" width="1024"]сурет ©voxpopuli.kz[/caption] – Иегім ісіп, астыңғы жағым ауырған соң, тісімді емдетпек болдым. Дәрігер диагнозды пародонтоз деп тапты. Қабылдаған емнен кейін сырқатым басылды. Бірақ қуанышым ұзаққа бармады. Екі жылдан соң қайтадан ауыра бастадым. Одан кейінгі емнің бәрі уақытша ғана көмектесті. Ақырында невропатологқа жіберді. Басымды МРТ-ға түсірген соң, мидың көп жері зақымдалғаны анықталды, – дейді Ләззат Шайкежанова. суретші Оның диагнозы көңіл көншітерлік болмай шыққан. Орталық жүйке жүйесінің демиелинизациялануы –  ми мен жұлындағы жұмыс істеу жолдарының қабыршығы зақымдануы. Бір сөзбен айтқанда, шашыраңқы склероз. Яғни, ұмытшақтық ауру. Ал жүйке жүйесінің созылмалы болуының кесірінен суретшінің көруі нашарлап, жүруден қалған. Тіпті, сөйлеуі де нашарлай түскен. суретші – Арасында мені біреу өшіріп тастағандай болады. Біресе қолым, не аяғым, не саусағым аяқасты істемей қалады. Мәселен, қылқаламды қолыма алып, сурет салып отырғанымда қолым қозғалудан қалады. Суретті әрі қарай салу керегімді түсінсем де, саусақтарым қимылдауға дес бермей, тұла бойым бағынбай кетеді. Міне, осы екі арадағы байланыс үзіліп кеткен, – деді ол. суретші

Күресумен өткен күндер...

Әр күнін аурумен арпалысумен өткізіп жүргенімен, ол өмірден еш түңілген емес. Қолына қылқалам ұстаудан қалса да, суретті саусақтарымен салған. Мольберттің алдында тұрып сала алмаса да, картинасын жерде жатып салатын. Жылдан-жылға жағдайы нашарлағаны соншалық, соңғы кезде сурет салудан қалды. суретші «Екі жылда бір облыстық ауруханаға жатып, қанды тазартып алатынмын. Қажетті емді алғаннан кейін жағдайым жақсарып, бас көтеріп қаламын. Екіншіден, аурудың өршуі тежеледі. Алайда соңғы уақытта сырқатым тез өршіп кетті» деген суретші бұл дерттен толық айығып кететіндей емнің жоғын айтты. Бір ғана жол – уақытылы ем қабылдау. Ол сырқатты кішкене болсын басып, жайылып кетпеуіне мүмкіндік береді. [caption id="attachment_69506" align="alignnone" width="1024"]суретші ©voxpopuli.kz[/caption]

Ләззаттың сүйенер кімі бар?

 Далаға өзі шыға алмаса да, кейіпкеріміз «Өмір деген қозғалыстан тұрады» деген ұстанымынан тайған емес. Қазірдің өзінде Дәрігер Бубновскийдің орталығына барып, арнайы жаттығуын жасайды. Сырқаттанбаған күні таңын йогамен қарсы алады. Мүмкіндігінше сурет салып, жұмыс істеуге тырысады. Содан достары сыйлаған арбамен серуендеуге шығады. [caption id="attachment_69507" align="alignnone" width="1024"]суретші ©voxpopuli.kz[/caption] –  Ләзатты өз арамызда Ляка дейміз. Ол өте ашық-жарқын, ақкөңіл жан. Басына түскен қиындығына қарамастан, бәріне жақсы жағынан қарайды. Дертіне бой алдырмай, күресіп келе жатқаны сол оптимизмнің күштілігі. Оның орнында басқа біреу болса, мұндай қиындыққа төзбес еді, – деді құрбысы Анна. суретші Ләззаттың құрбысы Анна Андрейчуктың айтуынша, үйінің бір бөлмесі шеберханаға айналып кеткен.  Жетінші қабатта тұратын Ләззаттың үйінде лифт те істемейді. Сол себепті қазір ол далаға шығудан қалған. Арасында жора-жолдастары кезекпен барып, көмектесіп тұрады екен. [caption id="attachment_69510" align="alignleft" width="395"]суретші Әжесімен бірге[/caption] Кейіпкеріміз негізі зиялылар отбасынан шыққан. Әкесі – профессор, техника ғылымының докторы. Анасы – мұғалім әрі ақын. Екеуі де қартаң жан. Күтімді қажет етеді. Сондықтан олар Ләззаттың үлкен әпкесінің қолында.  Ал Ләззат болса өзі бөлек тұрады.

Ләззат туа біткен суретші

 «Суреттерімнің бәрі – бүгінгі өмірдің бет-бейнесі» деген ол суретші болуды бала кезінен армандаған екен. «Суретті бес жасымнан бастап салдым. Анамның үстелінің үстіндегі бүкіл қағазын шимайлап бітіретінмін. Сонда қосақтасып шығып тұрған 2-3 басты не болмаса бір басқа 2-3 көзді салатынмын»,  – деді суретші. «Ляка – туа біткен суретші. Себебі ол салған суреттеріне жан бітіріп, тірілтіп жібереді» дейді құрбысы. Оның елу жасқа толуына байланысты былтыр күзде Қарағандыда «Күрең күз» атты аукцион көрмесін жора-жолдастары ұйымдастырған. Одан түскен ақша Ләззаттың ем-домына жұмсалды. Оның  мүгедектігі бойынша алатын зейнетақысы емделіп, қаралауына аздық етеді. Сондықтан арасында суреттері сатылып, жыртығын жамауға көмектесіп жатады.   [caption id="attachment_69515" align="alignnone" width="1024"]суретші ©voxpopuli.kz[/caption] – «Мұндай күйге қалай түстім, неге бұлай болды?» деген сұрақпен өзімді сан мәрте жедім. «Сабыр түбі – сары алтын» дегендей, қазір ештеңеге өкінбеймін.  Болары болып, бояуы сіңді. Енді одан шығар жолды іздеудемін. Түсінгенім, ең алдымен адам өзін-өзі сыйлап-құрметтеуі керек. Өзін-өзі қадірлей білгені дұрыс. Бұл дүниеде одан қымбат нәрсе жоқ, – дейді Ләззат Шайкежанова.