Тунистің биліктен аластатылған экс-президенті көз жұмды
Тунистің биліктен аластатылған экс-президенті көз жұмды
97
оқылды

Тунистің биліктен аластатылған президенті Зин әл-Әбиден Бен Әли Джаддада 84 жасында өмірден озды. Бұл туралы бейсенбіде оның отбасының адвокаты Муни Бен Сальх Reuters агенттігіне хабарлаған, кейіннен ақпаратты Тунистің сыртқы істер министрлігі растады.

Бен Әли Джаддадағы емханалардың бірінде сырқаттанып, көз жұмған. Экс-президент үш ай бойы жан сақтау бөлімінде жатқан, оған қатерлі ісік диагнозы қойылған. Заңгердің сөзінше, Бен Әли соңғы бірнеше жылда өзі тұрған  Сауд Арабиясында жерленеді.

Бен Әли қатарынан 24 жыл бойы билікте болды. 2011 жылы «Жасмин төңкерісінен» кейін биліктен аластатылды. Euronews ақпарына сәйкес ол Тунисте кезектен тыс президент сайлауы өткеннен кейін бірнеше күннен соң көз жұмған.