Тоқаевтың тапсырмасын орындауға 1,6 триллион теңге бөлінеді
Тоқаевтың тапсырмасын орындауға 1,6 триллион теңге бөлінеді
Фото: Интернеттен алынды
138
оқылды
«Президенттің Жолдауда берген тапсырмаларын орындау тиісті қаржыны қажет етеді. Биылғы республикалық бюджетте тиісті қаржы қарастырылған. Мысалы, тез салынатын 13 жаңа инфекциялық ауруханаға 30 млрд теңге ескерілген. Үкімет резервінен табысы аз отбасылардың балалары үшін компьютерлік техниканы сатып алуға 70 млрд теңге бөлінді. Қазіргі кезде 2020 жылғы бюджетті нақтылау аясында қосымшы шығыстарды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде», – деді Әлихан Смайылов.
Бөлінген қаржы медицина қызметкерлеріне қосымша үстемақы, дәрі-дәрмек сатып алу мен басқа да қажеттіліктерге жұмсалмақ. Алдын ала есептеулер бойынша биылға қосымша қажеттілік шамамен 300 млрд теңгені құрауы мүмкін. «2021 жылдың бюджетінде Жолдаудағы Президент тапсырмаларын орындауға 1,6 трлн теңге қарастырылған. Бірінші кезекте медицина қызметкерлерінің, мұғалімдердің еңбекақысын көтеру, шағын және орта бизнестің несие бойынша пайыздық ставкасын субсидиялау, республикалық маңыздағы жолдардың құрылысы, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына, сондай-ақ басқа да бағыттарға арналған шығыстар ескерілген. Бұдан басқа тапсырмалар тұрғысында мемлекеттік органдармен шығыстар көлемі нақтыланып жатыр», – деді ол.